411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда 40 градустық аптап ыстық болады

  • 147
Қазақстанда 40 градустық аптап ыстық болады Sputnik Казахстан

Бірнеше облыста аптап ыстық болады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Күндіз 25-26 мамырда Павлодар облысында 35-38°С қатты ыстық күтіледі. Павлодар қаласында күндіз 25-26 мамырда 35-37°С қатты ыстық күтіледі.

24 мамырда Маңғыстау облысында солтүстік-батыстан жел соғады кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі. Ақтау бойынша 24 мамырда солтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с күтіледі. 25-26 мамырда Маңғыстау облысында қатты ыстық 42 градус күтіледі.

24-26 мамырда күндіз Қызылорда облысында 40-43°С қатты ыстық күтіледі. 24-26 мамырда Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл сақталады. 24 мамырда солтүстік-шығыстан жел соғады, басым бөлігінде күші 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с.

23 мамырда күндіз, 24-25 мамырда тәулік бойы Түркістан облысының кей жерлерінде шығыстан 15-20, екпіні 23 м/с желдің күшеюі сақталады. Күндіз 24-25 мамырда батыста 400С қатты ыстық күтіледі. Түркістан қаласында 23 мамырда күндіз, 24-25 мамырда тәулік бойы шығыстан 15-20 м/с желдің күшеюі сақталады. Күндіз 24-25 мамырда 400С қатты ыстық күтіледі.

Хабар 24 телеарнасы