405,69 456,25 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Биыл жаз жаңбырлы болады

  • 1171
  • UPD: 10:25, 26.05.2020
Биыл жаз жаңбырлы болады today.ua

Еліміз бойынша аптап ыстық пен шаңды дауыл бүгін де басылмайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әсіресе, оңтүстік өңірлерде күн қатты ысиды дейді синоптиктер. Бұған қоса, желдің екіпіні күшейіп,секундына 25 метрге жетеді деп күтіліп отыр. Осыған байланысты барлық аймаққа дауылды ескерту жасалды. Ал елордада бүгін сынап бағанасы 34 градусқа дейін көтеріледі.  Солтүстік және Батыс өңірлерде, керісінше, біртіндеп ауа температурасы төмендеп келеді. Бұл аймақтарды найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін деген болжам бар. «Жалпы, қазіргі аптап ыстық уақытша құбылыс. Биылғы жаз жаңбырлы болады», –  дейді Қазгидромет мамандары.

 

Хабар 24 телеарнасы