412,55 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


42500 теңге тағайындалмаған азаматтардан кімнің өз бетінше арыз беруіне болады?

  • 205
  • UPD: 13:11, 26.05.2020
42500 теңге тағайындалмаған азаматтардан кімнің өз бетінше арыз беруіне болады?

Елімізде енгізілген Төтенше жағдай кезінде табыссыз қалып, 42500 теңгеге өтініш берген, бірақ өтемақы тағайындалмай қалған азаматтардың осы ақшаны алуы үшін арызды олардың жұмыс берушілері беруі тиіс. Бұл жалдамалы жұмыскерлерге қатысты ереже.

Мұндай арызды өз бетінше беруіне болатын тұлғаларға мына категориялар жатады (оларда жұмыс беруші болмайды, себебі олар өзін өзі жұмыспен қамтамасыз етуші):

- жеке кәсіпкерлер;

- жеке практиканы іске асырушылар немесе азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша жұмыс істейтіндер.

«Хабар 24» арнасындағы брифингте ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі осылай мәлімдеді.

Хабар 24 телеарнасы