410,33 456,25 5.75
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

  • 171
  • UPD: 14:51, 26.05.2020
Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды Almaty.tv

Қазгидромет 27 мамырда төрт облыстf ауа райына байланысты ескерту жариялады.

Түркістан облысы

27 мамырда Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл, шығыстан 15-20, екпіні 23 м/с желдің күшеюі сақталады. Күндіз басым бөлікте 41°С қатты ыстық күтіледі.

Түркістан қ.: 27 мамырда күндіз шығыстан 15-20 м/с желдің күшеюі, 41°С қатты ыстық күтіледі.

Алматы облысы

Күндіз 27 мамырда Алматы облысында 35 градус қатты ыстық сақталады.

СҚО

27 мамырда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі.

Атырау облысы

Күндіз 26 мамырда Атырау облысының кей жерлерінде найзағай, шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с.

Хабар 24 телеарнасы