405,69 456,25 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздің оңтүстігінде ауа температурасы 40 градусқа дейін көтеріледі

  • 162
  • UPD: 15:23, 27.05.2020
Еліміздің оңтүстігінде ауа температурасы 40 градусқа дейін көтеріледі Матрица.kz

Қазгидромет мәліметінше, үш облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды.

Қызылорда облысы

28 мамырда күндіз Қызылорда облысында 41°С қатты ыстық күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, кей жерлерде 15-20 м/с шаңды дауылмен күтіледі.

Қызылорда қ.: 28 мамыр шаңды дауыл, солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

СҚО

28-29 мамырда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Күндіз 28-29 мамырда тәулік бойы кей жерлерде найзағай, дауыл күтіледі.

Күндіз 29 мамырда кей жерлерде бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, кей жерлерде күші 15-20 м/с, күндіз 29 мамырде екпіні 25 м/с күтіледі.

Петропавл қ.: 29 мамырда найзағай, дауыл, күндіз бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20 м/с күтіледі.

Түркістан облысы

28 мамырда Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл, шығыстан 15-20 м/с желдің күшеюі сақталады. Күндіз басым бөлікте 400С қатты ыстық күтіледі.

Түркістан қ.: 28 мамырда күндіз шығыстан 15-20 м/с желдің күшеюі, 40 градус ыстық күтіледі.

 

Хабар 24 телеарнасы