Ауа райының қолайсыздығына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды.
Атап айтқанда, күндіз 31 мамырда Түркістан облысында шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетуі ықтимал. 40 градусқа дейінгі қатты ыстық күтіледі.
31 мамыр күні түнде Батыс Қазақстан облысының кей жерінде найзағай ойнайды. Солтүстік батыстан жел соғып, күндіз оның екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.
31 мамырда күндіз Ақмола облысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел тұрады. Кей аймақта жылдамдығы 15-20 м/с жетуі мүмкін.
31 мамырда Нұр-Сұлтан қаласында күндіз оңтүстіктен және оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-18 м/с жетуі ықтимал.
31 мамыр – 2 маусым аралығында Қостанай облысында күн 35-38 градусқа дейін ысиды.
31 мамырда күндіз Қызылорда облысында 41 градус ыстық болады. Солтүстік- шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с. 31 мамыр – 2 маусым аралығында Қарағанды облысының кей жерінде 35-39 градус ыстық күтіледі.
Ақпарат көзі: «Қазгидромет» РМК