418,35 495,02 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда алдағы тәуліктерде күн райы қандай болады

  • 369
  • UPD: 13:57, 01.06.2020
Қазақстанда алдағы тәуліктерде күн райы қандай болады

Синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады.

«Скандинавия аудандарынан шыққан антициклон Қазақстан Республикасының солтүстігінде, орталық және шығыс аумағында температураның төмендеуіне ықпал етеді. Кей жерлерде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Ал оңтүстік және оңтүстік-батыста Иран аудандарынан келетін жылы ауа массаларына байланысты ыстық және құрғақ ауа райы сақталады. Кей жерде жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады», – делінген хабарламада.


Ақпарат көзі: «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы