405,69 456,25 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздің бірқатар өңірінде аптап ыстық орнайды

  • 261
  • UPD: 17:05, 02.06.2020
Еліміздің бірқатар өңірінде аптап ыстық орнайды

3-4 маусымда Атырау облысының оңтүстігінде 40 градус ыстық орнайды.

Күндіз 3 маусымда Атырау облысының кей жерінде найзағай, шаңды дауыл, шығыс, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші  15-20 м/с жетуі мүмкін, аптап ыстық күтіледі.

3-4 маусымда күндіз Қызылорда облысының оңтүстігінде ауа температурасы 47 градусқа дейін көтеріледі.

3 маусымда Қызылорда облысында оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерде 15-20 м/с шамасында болады.

3 маусымда Ақмола облысының кей жерінде найзағай ойнайды. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерде оның күші 15-20 м/с жетуі ықтимал.

3 маусымда күндіз Маңғыстау облысының оңтүстігінде 40 градус ыстық болады.

Ақпарат көзі: «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы