418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Яссауи кесенесі 15 маусымнан бастап туристерді қабылдайды

  • 315
  • UPD: 18:11, 02.06.2020

Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесі 15 маусымнан бастап туристерді қабылдай бастайды. Бұл туралы сала мамандары мәлімдеді.

Өңірде маусымнан бастап өңіраралық блок-бекеттер алынып, қала және ауыл аралық көлік қатынасы жұмысын бастады. Сонымен қатар, 50 орынға дейін жазғы ашық алаңдарда және қоғамдық тамақтану орындарына рұқсат берілді. Халыққа арналған спорт кешендері мен фитнес залдарының да есігі ашық. Ал мәдени және спорт нысандары көрермендерсіз жұмысын атқара береді. Жұмыспен қамту және халыққа қызмет көрсету орталықтары да ашылды. 

Нұрбек Нышанов, облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы:

- Ол санаторий курорттық дом отдыхаларға барлығына рұқсат берілген. Бірақ, сантиралық эпидемиялогиялық нормотивті сақтау қажет. Қашықтық деп айтамыз, маска кию антисептик қолдану залалалсындару жұмыстарын жүргізу . Сол шаралардың барлығы міндетті түрде сақталады. Оған біз мониторинг жүргіземіз.

Хабар 24 телеарнасы