423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сыр өңірінде ауа температурасы 60-65 градусқа жетеді деген ақпарат жалған

  • 581
  • UPD: 19:31, 03.06.2020
Сыр өңірінде ауа температурасы 60-65 градусқа жетеді деген ақпарат жалған

Сыр өңірінде күн шыжып тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қызылордада бүгін ауа температурасы 47 градусқа дейін ысыды. Ал тұрғындар күннің қызуы одан да жоғары болды деп болжайды. Мұнда түскі 12:00-ден бері аптап басылмай тұр. Синоптиктер ертең де күн ыстық болатынын айтады. Айтпақшы, әлеуметтік желіде аймақта ауа температурасы 60-65 градусқа жетеді деген ақпарат тарап жүр. Мамандар «бұл бар болғаны қауесет» дейді. Айтуларынша, 5 маусымнан бастап ыстықтың беті қайтады.

Салтанат Баймағанбетова, инженер-синоптик:

- 5 маусымнан бастап әрі қарай 10-12 маусымға дейін күн салқындайды. Яғни, күндізгі температура +35-40, Арал, Қазалы аудандарында 30 градусқа дейін біршама түседі. Түнгі температура +20-25. Және Арал ауданы жағында 15-14 градусқа дейін салқындайды. Бесінен бастап жауын шашын, жел күтіледі.

Хабар 24 телеарнасы