431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанның бірқатар аймағында үсік жүреді

  • 671
  • UPD: 14:50, 04.06.2020
Қазақстанның бірқатар аймағында үсік жүреді

5 маусымда түнде Ақмола облысының кей жерінде 1-3 градус үсік жүреді.

5 маусымда Қарағанды облысының кей жерінде 1-3 градус үсік жүреді.

5 маусымда Қарағанды облысының жел солтүстік-шығыстан соғады, кей жерде екпіні 15-20 м/с шамасында болады. Түнде найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін.

Алматы облысының солтүстік-шығыста 06-07 маусымда түнде 1-3 градус үсік жүреді.

5 маусымда Солтүстік Қазақстан облысында 1-3 градус үсік жүреді.

5 маусымда Қостанай облысының кей жерінде 1-3 градус үсік жүреді.

5 маусымда Шығыс Қазақстан облысында найзағай ойнап,  бұршақ жаууы ықтимал. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен cоғатын желдің күші кей жерде 15-20, күндіз 23-28 м/с жетеді.

Өскемен қаласында 5 маусымда найзағай жарқылдап, бұршақ түсуі мүмкін. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғатын жел екпіні 15-20 м/с шамасында.

Семейде 5 маусымда найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен екпіні 15-20 м/с болатын жел тұрады.

6-7 маусымда Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде 1-3 градус үсік жүреді.

Ақпарат көзі: «Қазгидомет» РМК баспасөз қызметі

 

 

Хабар 24 телеарнасы