420,67 511.30 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Жеңіске 75 жыл» коллекциялық монеталары 8 маусымда саудаға шығарылады

  • 380
  • UPD: 17:59, 05.06.2020
«Жеңіске 75 жыл» коллекциялық монеталары 8 маусымда саудаға шығарылады

Номиналы 500 теңгелік күмістен, номиналы 100 теңгелік МН 25 мельхиор қоспасынан және номиналы 100 теңгелік нейзильбер қоспасынан «Жеңіске 75 жыл» коллекциялық монеталары 2020 жылғы 8 маусымнан бастап айналысқа шығарады.

Монеталарды Қазақстан Ұлттық Банкінің барлық аумақтық филиалдарында сатып алуға болады. Филиалдардың мекенжайлары Ұлттық Банктің сайтында жазылған. Номиналы 500 теңгелік күмістен және номиналы 100 теңгелік МН 25 мельхиор қоспасынан «Жеңіске 75 жыл» коллекциялық монеталары Ұлттық Банктің интернет-магазины арқылы қолжетімді.

Монетаның дизайнына Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығын мерекелеу шеңберінде өткізген «Жеңіс монетасын жаса» жалпы республикалық конкурс жеңімпаздарының идеялары пайдаланылды.

«Жеңіске 75 жыл» монетасының графикалық композициясының негізінде соғыс әкелген алапатты сипаттайтын қабырғаның бөлінген жарығы аясында совет жауынгерінің стильдендірілген бейнесі бар.

Алдыңғы жағында мәңгілік оттың бейнесі, оның жалынынан жер бетіндегі бейбітшілік үшін совет жауынгерлері өмірлерінің нышаны іспеттес көгершіндердің көкке самғаған бейнесі көрсетілген.

Композицияның оң бөлігінде – қалампыр гүлінің стильдендірілген бейнесі. Жоғары бөлігінде – мерейтойлық даталарды бөліп тұрған және жауынгердің бейнесін ұстап тұрған бес қырлы жұлдыз бейнеленген.

Монетаның реверсіндегі жазу кириллицада орындалған, бұл сол уақыттағы оқиғалармен тарихи байланысты баса көрсетеді.

«Қара proof» дайындау сапасымен күмістен жасалған монеталар 925/1000 сынамды күмістен, массасы 24 грамм, диаметрі 37 мм, номиналы 500 теңгелік, дайындау таралымы 2 000 (екі мың) дана дайындалды.

МН 25 мельхиор қоспасынан, массасы 15 грамм, диаметрі 33 мм, «brilliant uncirculated» дайындау сапасымен, номиналы 100 теңгелік, дайындау таралымы 8 000 (сегіз мың) дана. 

МНЦ 15-20 нейзильбер қоспасынан, массасы 11,17 грамм, диаметрі 31 мм, «brilliant uncirculated» дайындау сапасымен, номиналы 100 теңгелік, дайындау таралымы 100 000 (бір жүз мың) дана.

Монеталар коллекциялық құны бойынша сатуға арналған.

Номиналы 500 теңгелік және 100 теңгелік коллекциялық монеталар төлемдердің барлық төлемдері бойынша Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында олардың белгіленген құнымен қабылдануға, сондай-ақ банк шоттарына есепке жазылуға және аударылуға міндетті, Қазақстан Республикасының барлық банктерінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады.

Күмістен дайындалған монеталар кәдесыйлық орамда шығарылады және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде нөмірлік сапа сертификатымен жабдықталған. Мельхиор қоспасынан дайындалған монеталар арнайы полиграфиялық орамда шығарылады.
Коллекциялық монеталар «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнында дайындалған.

Монетаны сатып алушылар аумақтық филиалдардың офистерінде бетперде киіп, әлеуметтік қашықтықты сақтауға тиіс.

Еске сала кетейік, коллециялық монеталар айналысқа 2020 жылғы 27 наурызда шықты, бірақ Қазақстан Республикасында жарияланған төтенше жағдайға байланысты монеталарды сату кейінге шегертілді.

Толығырақ ақпаратты мына телефондар арқылы алуға болады:

+7 (727) 2704 591 (3930)
+7 (727) 330 24 52 (1452)
+ 7 (727) 2704 596 (1596)
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Хабар 24 телеарнасы