418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алты облыста ауа райына байланысты ескерту жасалды

  • 308
  • UPD: 20:17, 05.06.2020
Алты облыста ауа райына байланысты ескерту жасалды

Ақтөбе, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Атырау, Түркістан, Қызылорда облыстарында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

6 маусымда Ақтөбе облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соққан желдің жылдамдығы секундына 18 метрге жетеді.

6 маусымда Маңғыстау облысының кей жерлерінде күн күркіреп, найзағай жарқылдайды. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы кей жерлерде секундына 15-20 метрге (м/с) жетеді.

6 маусымда түнде Шығыс Қазақстан облысындағы таулы жерлерде жаңбыр жауады, арты қарға ұласуы мүмкін. Кей жерледре найзағай ойнап, дауыл соғады. Күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен cоғатын желдің күші кей жерлерде 15-20, күндіз екпіні 25 м/с жетеді.

Сол күні Өскеменде найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауады. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен соққан желдің екпіні 15-18 м/с жетеді.

6 маусымда Семейде найзағай ойнап, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен соққан желдің екпіні 15-18 м/с жетеді.

6 маусымда түнде Атырау облысының кей жерлерінде найзағай, күндіз шаңды дауыл соғады. Солтүстік-батыс, солтүстіктен соғатын жел жаңбыр кезінде 15-20 м/с жетеді. Сол күні түнде Атырау қаласында күн күркіреп, найзағай жарқылдайды.

6 маусымда Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл соғады. Шығыстан тұрған желдің жылдамдығы 15-20, екпіні 25 м/с күшеюі мүмкін. Сол күні күндіз Шымкентте шығыстан екпіні 15-20 м/с жел соғады. 6 маусымда Түркістан қаласында шығыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

6 маусымда Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді, арты шаңды дауылға ұласуы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы