421,91 511.30 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Нұр-Сұлтанда кейбір көше 15 маусымға дейін жабық болады

  • 428
  • UPD: 11:10, 08.06.2020
Нұр-Сұлтанда кейбір көше 15 маусымға дейін жабық болады

Көлік жүргізушілеріне кептелістің алдын алу үшін маршрутын алдын ала жоспарлау ұсынылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жол желісін орташа жөндеу аясында Ақмешіт көшесінде Достық көшесінен Қонаев көшесіне дейінгі учаскеде құрылыс жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы. Осыған байланысты, 7-15 маусым аралығында көлік қозғалысын ішінара тоқтату жоспарланған.

«Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін маршрутын алдын-ала жоспарлауы керек. Қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауды сұраймыз», – делінген хабарламада.

Хабар 24 телеарнасы