429,40 499,00 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әлемдегі ең қауіпсіз елдер анықталды: Қазақстан нешінші орында

  • 748
  • UPD: 15:01, 10.06.2020
Әлемдегі ең қауіпсіз елдер анықталды: Қазақстан нешінші орында

Исландия әлемдегі ең қауіпсіз мемлекет болып танылды.

Ол «Экономика және бейбітшілік институты» аналитикалық орталығы жариялаған бейбітшіліктің әлемдік индексінде бірінші орынды иеленген.

Екінші орынға Жаңа Зеландия, үшінші орынға Португалия жайғасты. Сонымен қатар алғашқы ондыққа Австрия, Дания, Канада, Сингапур, Чехия, Жапония және Швейцария кірді.

Ал Қазақстан рейтингте 70-орынға тұрақтады.

Тізімде барлығы 163 мемлекет бар. Ирак, Сирия және Ауғанстан елдері төмегі қатарды алады.

Хабар 24 телеарнасы