428,02 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Дабылды ескерту: бірнеше өңірде қатты ыстық болады

  • 618
  • UPD: 18:04, 11.06.2020
Дабылды ескерту: бірнеше өңірде қатты ыстық болады

Қазақстанның бірнеше облысында дауылды ескерту жарияланды.

12 маусымда таңертең және күндіз Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Күндіз кей жерлерде 35 градусқа дейін ыстық болуы ықтимал. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күші 15-18 м/с жетеді. Кей жерлерде өте жоғары өрт қаупі күтіледі.

Маңғыстау облысының оңтүстігінде 12 маусымда күндіз 40 градус ыстық сақталады.

12 маусымда Батыс-Қазақстан облысында түнде кей жерлерде найзағай күтіледі. Күндіз оңтүстікте 35-38 градус қатты ыстық күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде 12 маусымда күндіз, 13 маусым күні тәулік бойы найзағай күтіледі. 13 маусымда күндіз кей жерлерде дауыл, бұршақ болуы ықтимал. 12 маусымда күндіз, 13 маусымда тәулік бойы оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс бағытына ауысады, кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі.

Петропавл қаласында күндіз 12-13 маусымда найзағай ойнайды. 13 маусымда дауыл, бұршақ күтіледі. 12 маусымда күндіз, 13 маусымда тәулік бойы оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс бағытына ауысады, екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі.

Қызылорда облысында 12 маусымда күндіз 40 градус қатты ыстық күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз күші кей жерлерде 15-20 м/с, шаңды дауыл болады.

Қостанай облысыны кей жерлерінде 12 маусым күні найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерінде 15-20 м/с. 35 градус қатты ыстық сақталады. Дауылды ескертудің ықтималдылығы 85-100 %.

Атырау облысында 12 маусымда күні 35-39 градус қатты ыстық болады, V класс өрт қауіптілігі күтіледі.

Атырау қаласында 12 маусымда күндіз 37-39 қатты ыстық күтіледі. Дабылды ескертудің ықтималдылығы 90-95%.

Хабар 24 телеарнасы