423,91 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

WhatsApp мессенджерінде жаңа қызмет түрі пайда болады

  • 946
  • UPD: 09:47, 12.06.2020
WhatsApp мессенджерінде жаңа қызмет түрі пайда болады

WhatsApp құрастырушылары чаттағы белгілі бір күні жіберілген хабарламаларды жылдам табуға мүмкіндік беретін жаңа қызметті сынақтан өткізуде.

Бұл туралы WABetaInfo хабарлады.

Қазіргі уақытта мессенджерде хабарлама іздеу функциясы бар, дегенмен белгілі бір күні жіберілген немесе алынған хабарламаны табу қиынға соғады.

Ал жаңа қызмет қажетті хабарламаны жылдам табуға мүмкіндік бермек. Ол үшін чатта іздеу режиміндегі күнтізбе белгісін басу арқылы хабарламаның жіберілген немесе алынған күнін таңдау керек.

Хабар 24 телеарнасы