424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елорданың Ақмешіт көшесі 13 маусымға дейін жартылай жабылады

  • 338
  • UPD: 09:55, 12.06.2020
Елорданың Ақмешіт көшесі 13 маусымға дейін жартылай жабылады

Көлік жүргізушілеріне кептеліске ұшырамас үшін маршрутын алдын-ала жоспарлау ұсынылады, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Көше-жол желісін орташа жөндеу аясында Ақмешіт көшесінде Достық көшесінен Қонаев көшесіне дейінгі учаскеде жол-құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы мәлімдеді.

Осыған орай, 12-13 маусым аралығында бұл учаскедегі көлік қозғалысы толығымен жабылады.

«Елорда тұрғындары мен қонақтары жолдарда кептеліс тудырмау үшін маршрутын алдын ала жоспарлау керек. Қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауды сұраймыз», - делінген хабарламада.

Хабар 24 телеарнасы