427,01 518.00 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада ауа райына байланысты ескерту жарияланды

  • 449
  • UPD: 18:31, 14.06.2020
Елордада ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Елордада ауа райының бұзылуына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Қазгидромет.

Нұр-Сұлтан қаласының төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидромет» РМК деректеріне сүйене отырып, қала тұрғындарына ескерту жасады.

«Ертең 15 маусым күні шаһарда найзағай жарқылдайды. Солтүстік-шығыстан күшті жел соғады. Кей жерлерде жел екпіні 15-18 м/с жетеді» деп ескертеді департамент.

Хабар 24 телеарнасы