426,50 518.00 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алты облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

  • 469
  • UPD: 21:56, 14.06.2020
Алты облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Алты облыста дауылды ескерту жарияланды. Күн күркіреп, құйын тұруы мүмкін.

Синоптиктерінің болжауынша, 15 маусымда елордада найзағай ойнап, солтүстік-шығыстан есетін жел екпіні секундына 18 метрге дейін жетуі мүмкін.

Қостанай облысында да күн райы құбылмалы болады. Қарағандыда бұршақ жаууы ықтимал.

Ал Қызылорда облысында күндіз шаңды дауыл тұрады. Жел жылдамдығы секундына 20 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы 40 градусқа дейін жоғарылайды.

Ақтөбе мен Маңғыстауда да жел екпіні күшейіп, ауаға шаң көтеріледі. Еліміздің оңтүстік-батысында сынап бағаны 42 градустық аптапты көрсетуі мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы