418,52 493,00 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада Red Bus автобустарымен экскурсия жасау маусымы басталды

  • 183
  • UPD: 10:37, 15.06.2020
Елордада Red Bus автобустарымен экскурсия жасау маусымы басталды

Нұр-Сұлтан қаласында Red Bus автобустарымен экскурсия жасау қайта жанданды.

Жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында әрбір айналымнан соң автобус іші кварцталып, арнайы дезинфекция құралдарымен өңделеді, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Red Bus экскурсиялық автобустары өз жұмысын бастағанын қуана хабарлаймыз. Біз аудиогидімізді жаңартып, қосымша жаңа бағыт – Есіл өзенінің жағалауын қостық», – делінген Red Bus хабарламасында.

Автобус ішінде қолды тазарту үшін антисептик орнатылған және әр адамға бір реттік құлаққаптар беріледі. Барлық жолаушы экскурсия барысында автобус ішінде маска тағып отыруы керек.

«Елорда бойынша қауіпсіз экскурсияға шақырамыз. Қаланың тарихымен танысып, Нұр-Сұлтанның ең көрікті орындарын тамашалайсыз», – дейді компания өкілдері.

Red Bus күн сайын, демалыссыз жұмыс істейді.

Жөнелту орны – «Есіл өзенінің жағалауы» аялдамасы, 10:00, 12:50, 15:20 және 18:10.

Аялдамалары:

  1. Есіл өзенінің жағалауы;
  2. «Хан-Шатыр» СОО;
  3. «Мәңгілік ел» салтанат қақпасы;
  4. «Нұр-Әлем» музейі;
  5. Ұлттық музей;
  6. «Бәйтерек» монументі;
  7. «Ailand» океанариумы.
Хабар 24 телеарнасы