430,20 508,70 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ғалымдар қартаюды бәсеңдететін жемісті анықтады

  • 581
  • UPD: 15:30, 20.07.2020
Ғалымдар қартаюды бәсеңдететін жемісті анықтады

Флавоноидтерге бай алма жемісі қартаю процесін тежейді.

Қолжетімді бұл жеміс қатерлі ісік пен жүрек ауруларының пайда болуына жол бермейді. Сондықтан дәрігерлер күніне бір-екі алма тұтыну керек екенін айтады.

Медицина сарапшыларының пікірінше, алманың құрамындағы флавоноидтер адам ағзасында тотығу стрессін тудыратын және жасуша белсенділігін бұзатын бос радикалдар санын азайтады.

Сондай-ақ алманың құрамында су мен жасұнықтың мөлшері өте көп. Олар салмақ тастау мен қан қысымын төмендетуге, зиянды холестерин мөлшерін азайтуға көмектеседі. Алма пектині ішек қызметін де қалыпқа келтіреді.

Еске салсақ, бұған дейін алманың жүрек ұстамасы мен инсульт қаупін азайтатыны туралы жазған болатынбыз.

Хабар 24 телеарнасы