431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанның төрт облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

  • 467
  • UPD: 16:02, 15.06.2020
Қазақстанның төрт облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды inform.kz

Қазгидромет еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланғанын хабарлады.

Түркістан облысы

16 маусымда Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай, шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с.

Түркістан қ.: 16 маусымда солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Қарағанды облысы

16 маусымда Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, түнде күші 9-14, кей жерлерде екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, кей жерлерде екпіні 23 м/с.

Қарағанды қ.: найзағай күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күші 15-20 м/с. Жезқазған қ.: жел солтүстік-шығыстан соғады, күші 15-20 м/с.

Маңғыстау облысы

16 маусымда Маңғыстау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Күндіз оңтүстікте 39 градус қатты ыстық сақталады.

Қызылорда облысы

16 маусымда Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, күші 15-20 м/с, кей жерлерде 23 м/с, шаңды дауылмен сақталады.

Қызылорда қ.: 16 маусымда солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, шаңды дауыл сақталады.

 

Хабар 24 телеарнасы