418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өкпені коронавирустан қорғауға көмектесетін өнімдер аталды

  • 491
  • UPD: 12:05, 17.07.2020
Өкпені коронавирустан қорғауға көмектесетін өнімдер аталды

Жұмыртқа, балық, күріш, сүт өнімдері мен қызанақ өкпені коронавирустан қорғауға көмектеседі.

Бұл туралы испаниялық пульмонология және торакалды хирургия қоғамының басшысы Эусеби Чинер мәлімдеді, деп жазды La Vanguardia.

Диетолог Алехандро Кановастың айтуынша, аталған қарапайым тағамдарды тұтыну иммундық жүйені нығайтады және өкпе жұмысына әсер етеді. Ал дененің қалыпты жағдайын сақтау үшін күн сайын суды көбірек ішу керек.

Сондай-ақ сүт өнімдерінің сапасына назар аудару керек екенін еске салды. Сүт өнімдерінің құрамында қоспалар болмауы керек.

Хабар 24 телеарнасы