419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстандықтарды шілдеде қандай ауа райы күтіп тұр

  • 515
  • UPD: 10:31, 17.06.2020
Қазақстандықтарды шілдеде қандай ауа райы күтіп тұр klike.net

Шілде айында республиканың барлық аумағында ауа температурасы климаттық норма шегінде болады деп болжанады.

Қазгидромет мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері норма шамасында болады деп күтілуде. Орташа көпжылдық мәндерден аз жауын-шашын мөлшері тек оңтүстік-батыс бөлігінде (Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан облысы, Ақтөбе облысының оңтүстігі), орталықта (Қарағанды облысы және Балқаш көлі) және Алматы және Жамбыл облыстарының солтүстік жартысында ғана болады.

Шілде айында әр онкүндікте Атлант, Скандинавия және Кар теңізі аудандарынан суық және ылғалды ауа массасының басып кіруінің нәтижесінде суықтың қысқа мерзімді толқындары күтілуде. Еліміз бойынша жаңбыр, екпінді жел және ауа температурасының төмендеуі болжануда:

солтүстік жартысында түнде +7+12°С дейін, күндіз +17+23°С дейін;

оңтүстік жартысында түнде +13+18°С дейін, күндіз +25+30°С дейін.

Шілде айында Қазақстанның солтүстік аймақтарында ауа температурасының негізгі аясы +25+33°С, ал оңтүстікте +30+35°С болады. Бірақ жеке күндері Иран мен Орта Азия аудандарынан ыстық тропикалық ауаның есебінен оңтүстік жартысында ауа температурасының +35+45°С дейін айтарлықтай көтерілуі, ал солтүстік жартысында термометр бағаны +30+38°С дейін көтерілуі күтілуде.

Синоптиктердің болжамы бойынша, шілде еліміздің барлық аймақтарын нағыз жазғы күн шуағымен және ыстық күндермен қуантады.

Хабар 24 телеарнасы