431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанның үш облысында дауылды ескерту жарияланды

  • 272
  • UPD: 14:18, 18.06.2020
Қазақстанның үш облысында дауылды ескерту жарияланды CityTraffic

Қазгидромет үш облыста дауылды ескерту жарияланғанын хабарлады.

Қостанай облысы

19 маусымда Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, тұман күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, күші кей жерлерінде 15-20 м/с күтіледі.

Қостанай қ.: күндіз 19 маусымда солтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысы

19-20 маусымда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Күндіз 19, тәулік бойы 20 маусымда солтүстіктен соғатын жел оңтүстік-батыс бағытына ауысады, кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі.

Петропавл қ.: күндіз 19-20 маусымда солтүстіктен соғатын жел оңтүстік-батыс бағытына ауысады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Ақтөбе облысы

Күндіз 18 маусымда Ақтөбе облысында кей жерлерінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, найзағай ойнағанда екпіні 18 м/с күтіледі.

Хабар 24 телеарнасы