418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мемлекеттік шекараны кесіп өту тәртібіне өзгерістер енгізілді

  • 271
  • UPD: 19:32, 20.06.2020
Мемлекеттік шекараны кесіп өту тәртібіне өзгерістер енгізілді

Мемлекеттік шекараны кесіп өту тәртібіне бірқатар өзгеріс енгізілді. Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлады.

Ел азаматтарына тікелей әуе қатынасы қайта орнатылған шет мемлекеттерге шығуға және аталған елдердің азаматтарына Қазақстанға кіруге рұқсат беріледі. Шетел азаматтары визалық талаптарды сақтауы қажет. Бұдан бөлек елімізде ауылшаруашылық қызметімен айналысатын шетел азаматтары жұмыс орнынан ресми құжат болған жағдайда Қазақстанға келе алады. Ал шетелде білім алып жүрген қазақстандықтар оқу визаларын ұзарту, студенттік ID-карталарын ресімдеу, емтиханды тапсыру үшін оқу орынын растайтын ресми қағазды ұсынуы қажет.

Хабар 24 телеарнасы