431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҰБТ-да 138 балл жинаған түлек қатарластарына кеңес берді

  • 483
  • UPD: 13:16, 23.06.2020
ҰБТ-да 138 балл жинаған түлек қатарластарына кеңес берді BAQ.KZ

ҰБТ-2020-ның алғашқы күні ең жоғары балды Түркістан облысы Ордабасы ауданының тумасы Абзал Әбдіманап жинады.

Теспе орта мектебінің түлегі 140 балдан 138 балл жинады. Мектепті жақсы үлгеріммен бітірген Абзал ҰБТ-да биология және химия пәндерін таңдаған. ҚР БҒМ баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, енді ол медицина факультетіне оқуға түсуді жоспарлап отыр.

«Мен ҰБТ-ны 21-і күні тапсырдым. Тестілеу сұрақтары маған оңай болды, өзім оқыған, жақсы білетін тақырыптар келді. Тест тапсыру кезінде бақылаушылар бәрін қарап жүрді, жоғары балды өзімнің таза біліміммен алып шықтым», – дейді Абзал Әбдіманап.

Өзіне сенімді түлек болашақта тіс дәрігері болуды қалайды. Талапкер қатарластарына да тек өз біліміне сенуге кеңес беріп, сәттілік тіледі.

«Енді өзімнің жүрек қалауыммен медицина саласына түскім келеді. Болашақта ағаларым сияқты тіс дәрігері болсам деймін. Өзімнен кейін тапсыратын талапкерлерге шпаргалка сынды тыйым салынған заттарды алып кірмеуге кеңес беремін. Өйткені оны алып кіре алмайсыздар, камерадан бәрі көрінеді, бақылаушылар да қарап тұрады. Қатарластарыма айтарым, тек өздеріңізге сеніңіздер, сіздерге сәттілік тілеймін!» – дейді түлек.

Хабар 24 телеарнасы