422.87 509.00 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазгидромет: төрт облыста дауылды ескерту жарияланды

  • 317
  • UPD: 15:56, 24.06.2020
Қазгидромет: төрт облыста дауылды ескерту жарияланды Жалағаш жаршысы

Қазгидромет еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады.

Ақмола облысы

Күндіз 25 маусымда Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі. Басым бөлігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысы

25 маусымда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі.

Петропавл қ.: күндіз 25 маусымда оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Батыс Қазақстан облысы

25 маусымда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с.

Орал қ.: 25 маусымда найзағай, жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 18 м/с.

Қостанай облысы

25 маусымда Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші кей жерлерінде 15-20 м/с күтіледі.

Қостанай қ.: күндіз 25 маусымда найзағай күтіледі.

 

Хабар 24 телеарнасы