419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қант диабетінің алғашқы белгілері анықталды

  • 554
  • UPD: 10:38, 25.06.2020
Қант диабетінің алғашқы белгілері анықталды

Аурудың жасырын өтуіне байланысты көбінесе екінші типті диабетке уақтылы диагноз қою мүмкін емес.

Дегенмен, осы қауіпті аурудың басталып келе жатқанын көрсететін белгілер бар. Бұл туралы халықаралық эндокринолог Надежда Сеченова айтты, деп хабаралады iz.ru.

Маманның айтуынша, тұқым қуалаушылық, жас, семіздік, дұрыс тамақтанбау және белсенді емес өмір салты диабеттің пайда болуына ықпал етеді. Сондай-ақ әрбір қосымша дене салмағы қант диабетінің қаупін 5% арттырады.

Аурудың негізгі белгілерінің бірі – диабеталды жағдай деп аталатын күй. Ол қан құрамындағы глюкозаның жоғары мөлшерімен сипатталады.

«13 ересек адамның біреуінде диабеталды жағдай болады. Ал әрбір алтыншы бала жүктілік кезінде қандағы глюкоза мөлшері жоғары болған анадан туады, ал 84% жағдайда глюкозаның жоғарылауы қант диабетімен байланысты», - деді маман.

Дәрігер сонымен қатар жоғары холестерин, артериялық гипертензия қант диабеті қаупінің факторларына жататынын айтып өтті.

Хабар 24 телеарнасы