429,51 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздің кей аймағында бұршақ түсуі мүмкін

  • 326
  • UPD: 18:51, 25.06.2020
Еліміздің кей аймағында бұршақ түсуі мүмкін

27-28 маусымда Ақмола облысында жаңбыр, кей жерде нөсер жаңбыр жауады.

Найзағай ойнап, бұршақ түсуі мүмкін. Солтүстік-шығыстан  соққан жел оңтүстік-батысқа ауысқанда екпіні кей жерде 23-28 м/с жетуі ықтимал. 27-28 маусымда ауа температурасы түнде 2-10, күндіз 10-18 градусқа  дейін төмендейді.

Дауылды ескертудің ықтималдылығы 85-90 %.

27-28 маусымда Қарағанды облысында да дәл осындай күн райы күтіледі. 27 маусымда солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні күндіз 23-28 м/с жетеді. 27-28 маусымда облыстың солтүстігінде ауа температурасы күндіз 13-18 градусқа дейін төмендейді.

Дауылды ескертудің ықтималдылығы 85-90 %.

27 маусымда Қостанай облысында жаңбыр жауады. Дауыл тұрып, бұршақ түсуі ықтимал. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады. Кей жерде оның күші 15-20 м/с болады. 26-27 маусымда ауа температурасы түнде 3-11, күндіз 13-18 градус шамасында.

Дабылды ескертудің ықтималдылығы 90-95%

 

 

 

 

 

Хабар 24 телеарнасы