421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Диетолог минералды суды артық тұтынудың қаупін атады

  • 289
  • UPD: 11:28, 26.06.2020
Диетолог минералды суды артық тұтынудың қаупін атады

Минералды судың ағзаға пайдалы екені белгілі, өйткені оның құрамында ағзаға қажетті микроэлементтер бар.

Бірақ оны шамадан тыс тұтыну денсаулыққа зиян тигізуі мүмкін. Бұл туралы диетолог Светлана Соломеина айтты, деп жазды iz.ru.

Маман минералды судың шаршағанды басатынын және ас қорыту жүйесін қалыпқа келтіретінін, алайда ол минералдануы 1 г/л аспайтын ас суы немесе 4-5 г/л концентрациясы бар дәрілік-ас суына қатысты екенін айтты.

«Сондай-ақ бір ішкенде 200 мл-ден аспайтын бір стақан су ішуге болады. Әйтпесе, бүйрек пен жүрекке қосымша салмақ түседі», - деді маман.

Айтуынша, мұндай суды көп мөлшерде үнемі ішу гастриттің пайда болу қаупін тудырады.

Сондықтан сарапшы минералды суды күніне 2 литрден асырмай ішуге кеңес берді.

Хабар 24 телеарнасы