430,73 519.25 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Тегін онлайн шахмат мектебі ашылды

  • 633
  • UPD: 12:20, 26.06.2020
Тегін онлайн шахмат мектебі ашылды

Қазақстандағы ЮНИСЕФ адал ниет елшісі, шахматтан бірнеше дүркін әлем чемпионы, гроссмейстер Динара Садуакасова онлайн шахмат академиясын ашты.

«Динара Садуақасованың онлайн шахмат академиясы» алаңында чемпионның өзінен бейнесабақтар, тапсырмалар, тестілер табуға болады. Коронавирус пандемиясына байланысты туындаған жағдайға орай курстарға қатысу тегін. Сонымен қатар курстарға тегін қатысу мүмкіндігі шектеулі адамдарға тұрақты негізде қолжетімді болады.

«Бәріне арналған шахмат» – Тұрғын үй құрылыс жинақ банкімен бірлесіп жүзеге асырылып жатқан жоба. Біздің мақсатымыз – шахмат ойынына деген қызығушылықты арттыру және еліміздің шалғай өңірлерінде шахматты үйренгісі келетін адамдарға мүмкіндік беру. Әлем қарқынды түрде дамып жатыр, қазір зияткерлік қасиеттер мен ойлау жылдамдығы маңызды. Шахмат – бұл дағдыларды дамытатын тамаша құрал. Алаңда менің қатысуыммен видео-сабақтар, 5000-ге жуық тапсырма бар, - деді академияны қалаушы Динара Сауакасова.

Курстарға тұрғылықты жеріне қарамастан балалар да, ересектер де қатыса алады. Олар шахмат ойыншысының дайындық деңгейіне байланысты қалыптастырылған. Әр курс танымдық видео-сабақтар мен бекітуге арналған (жеңіл деңгейден күрделіге дейін) 200 тапсырманы қамтитын 20-25 блоктан тұрады. Курсты сәтті аяқтаған соң қатысушыларға электронды сертификат беріледі.

«Біз командамызбен барлық деңгейге арнап 10 сағаттан астам шахмат сабақтарын жаздық. Алаңда сондай-ақ танымал шахмат ойыншыларының дәрістері мен семинарлары жарияланатын болады. Адамдардың шахматқа деген қызығушылығы артып, үйрену мүмкіндігі болғанын қалаймыз», – деді Шахмат академиясының директоры Айнұр Өтешева.

Хабар 24 телеарнасы