425.59 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Әуе қатынасындағы категория. Қандай елдің азаматынан КВИ анықтамасы сұралмайды?

  • 470
  • UPD: 17:40, 26.06.2020
Әуе қатынасындағы категория. Қандай елдің азаматынан КВИ анықтамасы сұралмайды?

Қазақстанмен тұрақты халықаралық әуе қатынасы бар бірінші санаттағы елдердің тізімі ұзартылды. Бұдан былай Венгрия, Үндістан, Германия, Чехия және Малайзиядан келетін жолаушыларға еш шектеу қойылмайды.

Денсаулық сақтау министрлігінің көліктегі бас санитарлық дәрігері Сәдуақас Байғабылов бүгін осылай деп мәлімдеді. Бірінші санаттағы мемлекеттер тізімінде Қытай, Оңтүстік Корея, Жапония, Грузия және Таиланд бар. Ал екінші топқа Түркиямен қатар Египет, Украина, Польша, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан қосылып отыр. 

Сәдуақас Байғабылов, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің көліктегі бас санитарлық дәрігері:

- Екінші санаттағы елдерден келетін жолаушылардан коронавирус бойынша анықтама талап етіледі. Егер болмаған жағдайда 48 сағаттың ішінде ПЦР-тесттен өтуі керек немесе 14 күндік үй карантиніне жатқызылады.  

Көрші елдердің арасында Ресеймен жеңіл көлік қатынасын жандандыру мәселесі әлі қаралып жатыр. Бастысы, эпидахуал жақсаруы тиіс. Жағдай күрделене берсе барыс-келіске рұқсат берілмеуі мүмкін. Ал мемлекетаралық тауар тасымалы тоқтамайды. Пандемия кезінде елдегі 51 автокөлік өткізу бекетінің тек 12-сі жабылған. Транзиттік жолаушыларға келсек, бұл ретте шетелдік дипломатиялық миссия жетекшілерімен жүйелі жұмыс жүргізілуде. 

Ғани Ағаділов, ҚР ҰҚК Шекаралық бақылау департаменті басшысының орынбасары:

- 28-29 мамырдан бастап Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында Тәжікстан азаматтары жиналған болатын. Бұл мемлекеттік шекара болғандықтан Тәжікстандағы Қазақстан елшілігі хабардар етілді. Біз өз тарапымыздан олардың өтуіне көмек бердік. 20 маусым күні тағы 539 Тәжікстан азаматын шекарадан өткіздік. Бүгінгі күні жағдай бақылауда.

Хабар 24 телеарнасы