418,35 495,02 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды

  • 238
Еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Еліміздің бірнеше өңірінде күн райы күрт құбылды.

Кешелі бері елордада қатты жаңбыр жауып, секундына 20 метр жылдамдықпен жел соғуда. Синоптиктер мұндай қолайсыз ауа райы Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар Солтүстік Қазақстан облыстарында да күтіледі деп отыр. Кей жерлерде найзағай ойнап, бұршақ жаууы ықтимал. Ал Жамбыл, Қызылорда облыстарында шаңды дауыл көтеріледі деген болжам бар. Түркістан облысының таулы аудандарында нөсер жаңбырға байланысты дауылды ескерту жарияланды.

Хабар 24 телеарнасы