427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ауа райы: сегіз облыста ескерту жарияланды

  • 447
Ауа райы: сегіз облыста ескерту жарияланды

Түнде 29 маусымда Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр күтіледі.

Тәулік бойы 29 маусымда кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі. Петропавл қаласында түнде 29 маусымда найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Тәулік бойы 29 маусымда батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі.

29 маусымда Ақтөбе облысында кей жерлерінде найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерінде 15-20 м/с.

29 маусымда Қызылорда облысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с сақталады.

29 маусымда Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай, оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі. Көкшетау қ: 29 маусымда түнде және таңертең найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с.

29 маусымда Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай, бұршақ, солтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі. Орал қаласында 29 маусымда найзағай күтіледі.

29 маусымда Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерінде 15-20 м/с күтіледі.

29 маусымда Павлодар облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғатын желдің түнде кей жерлерінде 15-20 м/с, күндіз екпіні 15-20, кей жерлерінде 25 м/с жетеді. Павлодар қаласында 29 маусымда найзағай күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.

29 маусымда Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Қарағанды қаласында найзағай, жел оңтүстік-батыстан соғады, күші 18 м/с күтіледі.

Ақпарат көзі: Қазгидромет

Хабар 24 телеарнасы