417,99 492,14 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бірқатар өңірде дауылды ескерту жарияланды

  • 258
  • UPD: 15:01, 29.06.2020
Бірқатар өңірде дауылды ескерту жарияланды Egemen.kz

Қазгидромет мәліметінше, еліміздің солтүстік бөлігінде жел күшейіп, жауын жауады.

Ақмола облысы

30 маусымда Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі.

Нұр-Сұлтан қ.: күндіз 30 маусымда найзағай, оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғатын желдің екпіні 15-18 м/с күтіледі.

Қостанай облысы

30 маусымда Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ, шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі.

Қостанай қ.: таңертең және күндіз 30 маусымда найзағай күтіледі. Шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысы

Күндіз 30 маусымда Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр күтіледі. Тәулік бойы 30 маусымда кей жерлерде найзағай, бұршақ, оңтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі.

Петропавл қ.: күндіз 30 маусымда найзағай, оңтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Хабар 24 телеарнасы