412,55 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордадағы Ташенов көшесі 22 тамызға дейін жартылай жабылады

  • 95
  • UPD: 12:56, 30.06.2020
Елордадағы Ташенов көшесі 22 тамызға дейін жартылай жабылады

Елордада Ташенов көшесі 1 шілдеден 22 тамызға дейін жартылай жабылады.

Аталған учаскеде нөсер кәрізі тартылуда, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Құрылыс-монтаж жұмыстары Молодежный ауданында «Тазарту қондырғылары» жобасының аясында нөсер кәрізі желілерін орнатуға байланысты жүргізілетін болады.

«1 шілдеден 22 тамызға дейін Ташенов көшесі мен Ташенов тұйығында жол уақытша жабылады», – делінген хабарламада.

Хабар 24 телеарнасы