418,52 493,00 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елорда мен бес облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

  • 303
  • UPD: 15:05, 01.07.2020
Елорда мен бес облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды ic24.kz

Қзгидромет болжамы бойынша, еліміздің бірқатар өңірінде жауын жауып, жел күшейеді.

Қостанай облысы

2 шілдеде Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, түнде және таңертең тұман күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.

Қарағанды облысы

Қарағанды қ.: күндіз 2 шілдеде найзағай, жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күші 15 м/с күтіледі.

Жезқазған қ.: 2 шілдеде найзағай, жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күші күндіз 18 м/с күтіледі.

Қарағанды облысында жаңбыр, кей жерлерде қатты жаңбыр жауады. Кей жерлерде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, кей жерлерде 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, күндіз кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысы

Күндіз 2 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр, кей жерлерде қатты жаңбыр күтіледі. Тәулік бойы 2 шілдеде кей жерлерде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі.

Петропавл қ.: күндіз 2 шілдеде найзағай күтіледі, солтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Жамбыл облысы

2 шілдеде Жамбыл облысында кей жерлерде найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыс, батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, таңертең және күндіз облыстың оңтүстік-батысында 30 м/с және одан аса күтіледі.

Тараз қ.: 2 шілдеде кей уақытта найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыс, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, таңертең және күндіз кей уақытта 23-28 м/с күтіледі.

Ақмола облысы

2 шілдеде Ақмола облысының кей жерлерінде қатты жаңбыр, найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді.

Нұр-Сұлтан қ.: күндіз 02 шілдеде кей уақыттарда қатты жаңбыр жауады, бұршақ күтіледі. Найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Хабар 24 телеарнасы