418,52 493,00 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елорда мен бес облыста ауа райы туралы ескерту жарияланды

  • 172
  • UPD: 23:44, 02.07.2020
Елорда мен бес облыста ауа райы туралы ескерту жарияланды

«Қазгидромет» РМК 3 шілде күні ауа райының нашарлауына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады.

Нұр-Сұлтан қаласында аракідік қатты жаңбыр жауып, найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан 15-20 м/с күшпен жел соғады.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр күтіледі. Сондай-ақ найзағай, бұршақ күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршак болады. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып, күндіз екпіні 25 м/с артады.

Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, түнде және таңертең тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші күндіз 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола облысының кей жерлерінде қатты жаңбыр, найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің күші түнде 15-20 м/с артады.

Хабар 24 телеарнасы