418,90 492,14 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы

  • 208
  • UPD: 12:44, 03.07.2020
Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы Subscribe.Ru

Қазгидромет 4-6 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады.

Қазақстан аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр, кей жерлерде найзағаймен қатты жаңбыр жауады, жел күшейеді, бұршақ түсуі ықтимал. Еліміздің солтүстігі мен орталығында ауаның температурасы түнде біртіндеп 5-10 дейін, кей жерлерде 13 жылыға дейін төмендейді. Тек Қазақстанның батысында Иран аудандарынан келетін құрғақ ауа массаларының ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, сондай-ақ ауа температурасының түнде 17-25 дейін, күндіз 32-40 жылыға дейін жоғарылауы күтіледі.

Хабар 24 телеарнасы