418,90 492,14 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бірқатар облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

  • 287
  • UPD: 16:50, 03.07.2020
Бірқатар облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды lada.kz

Қазгидромет 4 шілдеде еліміздің бірқатар өңірінде жауын-шашын жауып, жел күшейетінін хабарлады.

Ақмола облысы

Түнде 4 шілдеде Ақмола облысының кей жерлерінде қатты жаңбыр күтіледі. Кей жерлерде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман болады. Солтүстік-батыстан жел соғады күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді.

Қарағанды облысы

4 шілдеде Қарағанды облысында жаңбыр, кей жерлерде қатты жаңбыр жауады. Кей жерлерде найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қарағанды мен Жезқазған қалаларында найзағай күтіледі.

Түркістан облысы

4 шілдеде Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с.

Шымкент пен Түркістан қалаларында күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысы

4 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертен кей жерлерде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с.

Хабар 24 телеарнасы