418,52 493,00 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бес облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

  • 251
  • UPD: 18:18, 03.07.2020
Бес облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды inform.kz

«Қазгидрометтің» хабарламасы бойынша Қазақстанның бес облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды.

4 шілдеде Павлодар облысының кей жерлерінде күшті жаңбыр, найзағай, дауыл, бұршак күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні найзағай кезінде 15-20 м/с жетеді. Павлодар қаласында ертең шілдеде найзағай, дауыл күтіледі. Күндіз жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Түнде 4 шілдеде Ақмола облысының кей жерлерінде нөсер жауады деп күтіледі. Кей жерлерде найзағай болуы мүмкін. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман болады. Солтүстік-батыстан жел соғады күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді.

4 шілдеде Қарағанды облысында жаңбыр, кей жерлерде нөсер жауады. Кей жерлерде найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Қарағанды қаласында найзағай күтіледі. Жезқазған қаласында найзағай күтіледі.

4 шілдеде Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с. Шымкент қаласында ертең шілдеде күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Түркістан қаласында 4 шілдеде күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

4 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жетуі мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы