418,90 492,14 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандықтардың Түркияға баруына уақытша шектеу қойылды

  • 268
  • UPD: 22:06, 03.07.2020
Қазақстандықтардың Түркияға баруына уақытша шектеу қойылды

Түркия билігі Қазақстан азаматтарының ел аумағына кіруіне тыйым салды, деп хабарлайды «Хабар 24»

Бұған – Қазақстан Үкіметінің елімізде карантиндік шаралардың күшейту туралы шешімі себеп. Түркиядағы демалысы аяқталған қазақстандықтарды елге алып кетуге рұқсат бар. Нақтыласақ, Алматыдан және елордадан Анталия мен Ыстамбұлға рейстер жалғасады. Түрік билігі бұл уақытша тыйым деп отыр. Шектеулер екі аптадан кейін алынып тасталмақ. Еске сала кетейік, Түркияға ұшатын рейстердің кестесі өзгеруі мүмкін, ол туралы жолаушылар электрондық пошта және sms арқылы хабардар етіледі.

 

Хабар 24 телеарнасы