418,52 493,00 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-ның тау басындағы көлдер күзге дейін қауіпті

  • 229
  • UPD: 11:32, 04.07.2020
ШҚО-ның тау басындағы көлдер күзге дейін қауіпті

Шығыс Қазақстанда селден құтқару қызметінің мамандары мен төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері апта сайын тау басындағы көлдердің деңгейін бақылап жүр.

Өйткені бұлардан келетін қатер қыркүйек айының ортасына дейін созылады. Өлкедегі мұндай көлдердің саны 140-тан асады.

Мамандардың айтуынша, көбіне көлдер ернеуінен асқан жағдайда сол маңдағы жолдарды шайып кетуі ықтимал. Сондықтан 2500 метр биіктіктегі  табиғи түзілістің қалыпты деңгейін үнемі назарда ұстау керек. Қазір осы мақсатта 11 бақылау бекеті құрылды. Ондағы мамандар күз түсіп, су қатқанша көлдер туралы мәліметтерді жіті назарда ұстайтын болады. Өйткені тау басындағы көл арнасынан асқан жағдайда оның соңы селге немесе лай көшкініне де ұласуы әбден мүмкін.

Омар Дүзгінбаев, «Қазселденқорғау» ММ облыстық филиалының басшысы:

- Бұл көлдердің  негізінен екі категориясы бар, біреуі мореналық көлдердің ағытылуы, толып кеткен жағдайда, екіншісі қатты жауған жауынның әсері болуы мүмкін. Енді бүгінгі барлық тексеріс нәтижесі мореналық көлдердің барлығы өз деңгейінде тұр.

Хабар 24 телеарнасы