423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанадан Балқашқа қатынайтын ұшақ билетінің құны 9 мың теңге болады

  • 316
  • UPD: 16:34, 07.07.2020
Астанадан Балқашқа қатынайтын ұшақ билетінің құны 9 мың теңге болады Pavlodarnews.kz

Коронавирустық инфекция пандемиясына байланысты Нұр-Сұлтан-Токио әуе бағыты бойынша субсидияланатын рейстердің уақытша тоқтатылуына байланысты қолданыстағы заңнамаға сәйкес қаражаттың бір бөлігін ішкі туристік бағыттар бойынша рейстерге 385,1 млн теңге көлемінде қайта бөлу туралы шешім қабылданды.

Осыған байланысты ішкі туристік бағыттарға тасымалдаулар сұранысын қанағаттандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі субсидияланатын Нұр-Сұлтан-Балқаш, Нұр-Сұлтан-Үшарал және Алматы-Жезқазған бағыттарына қосымша байқау өткізді, деп хабарлайды ҚР ИИДМ ААК баспасөз қызметі.

Байқауға қатысу үшін SCAT, Qazaq Air, «Южное небо» және «Жезқазған Эйр» әуе компаниялары тиісті өтінімдер берді.

Байқау қорытындысы бойынша барлық үш әуе бағыты бойынша «Qazaq Air» әуе компаниясы жеңімпаз болып анықталды. Әуекомпания мына рейстерді орындайды: Нұр-Сұлтан-Балқаш бағыты бойынша аптасына 4 рейс жиілікпен тарифі 9000 теңге (рейстер саны аптасына 10 рейске дейін артады), Нұр-Сұлтан-Үшарал бағыты бойынша аптасына 4 рейс жиілікпен тарифі 16000 теңге (рейстер саны аптасына 11 рейске дейін артады), Алматы-Жезқазған бағыты бойынша аптасына 2 рейс жиілікпен тарифі 20000 теңге (рейстер саны аптасына 4 рейске дейін артады).

Рейстер сыйымдылығы 76-орыннан 86-орынға дейін Bombardier әуе кемелерінде орындалатын болады.

Хабар 24 телеарнасы