428,02 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Суық тигізіп алмау үшін желдеткіштің оңтайлы температурасы қандай

  • 458
  • UPD: 16:42, 07.07.2020
Суық тигізіп алмау үшін желдеткіштің оңтайлы температурасы қандай

Дәрігер ыстық күндері желдеткішті дұрыс пайдаланып, суық тиюден сақтану туралы кеңестер берді.

Терапевт, отбасылық дәрігер Татьяна Романенконың айтуынша, желдеткіштің оңтайлы температурасы адамның дене қызуынан 6-8 градус төмен болуы керек. Осыған байланысты дәрігер кондиционерге 26 градус температура орнатуға кеңес береді, деп жазды rosbalt.ru.

Сарапшы желдеткішті 26 градустан төмен режимге қоймауды ұсынды.

«Әйтпесе, суық тиюі мүмкін», - деді дәрігер.

Сондай-ақ, оның айтуынша, ыстық бөлмеге кіріп, желдеткішке қажетті температураны орнатпаған жөн. Одан да кондиционерді төменгі температураға қойып, бөлмеден шығып кеткен дұрыс.

Хабар 24 телеарнасы