421,91 511.30 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

COVID-19 белгілері байқалғанда не істеу керек?

  • 793
  • UPD: 15:34, 08.07.2020
COVID-19 белгілері байқалғанда не істеу керек?

COVID-19 белгілері аз байқалған жағдайда вирусқа, бактерияға және тромбқа қарсы препараттар қажет емес, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы бүгін медицина ғылымдарының докторы, жоғары санаттағы дәрігер Раушан Қарабаева мәлім етті. Дәрігердің айтуынша, дене қызуы 38 градустан жоғары көтерілгенде, әлсіздік, бас ауруы, жөтел, кеуде қуысының ауыруы байқалса,  оның асқынуына, яғни пневмонияға ауысуына жол бермеу керек. Ол үшін кеуде қуысы органдарын рентгенге түсіреді немесе компьютерлік томография жасау маңызды.

Раушан Қарабаева, жоғары санатты дәрігер:

– Үйде науқастар емдеу-қорғау режимін ұстануы керек, дұрыс тамақтанып, жиі су ішеді, С, Д дәрумендерін қабылдайды, дене қызуы көтерілген жағдайда оны төмендететін препараттар – парацетамол және ибупрофен ішеді. Сонымен қатар бүйрек аурулары бар науқастар, әсіресе, бүйрегінда тасы бар адамдар КВИ кезінде С дәруменін қабылдағанда сақ болуы керек.

 

Хабар 24 телеарнасы