423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Үй жағдайында КВИ-ден қалай емделуге болады

  • 1560
  • UPD: 15:34, 08.07.2020
Үй жағдайында КВИ-ден қалай емделуге болады

Коронавирус белгілері пайда болып, басыңыз ауырып балтырыңыз сыздаса да, дәрі ішпеңіз.

Бұл – дәрігерлердің кеңесі. Егер вирус жеңіл түрде өтіп жатса, иммунитетіңіздің күресуге шамасы бар деген сөз. Елордадағы 5-ші қалалық емхананың бас дәрігері осылай дейді. Телефон арқылы дәрігермен үнемі хабарласып, жағдайыңыздың жай-жапсарын айтып отырыңыз. Қазір ақ халаттылар онлайнда әр науқасты қадағалай алады. Ал балалар ауыра қалған жағдайда емханада тегін дәрі қарастырылған. Тек бірнеше анализ тапсырып, тексеруден өту керек. Сондай-ақ антибиотиктерді ішкен адам кейін бүйрек, бауыр, жүрек-қан тамырлары ауруына шалдығуы мүмкін. «Дәрігердің нұсқауынсыз өздігінен дәрі ішу денсаулыққа үлкен зиянын тигізуі мүмкін», – дейді дәрігер.

Алтыншаш Табулдина, Нұр-Сұлтан қалалық №5 емхананың бас дәрігері:

– Әрине, ауырған балалар да болды. Олардың барлығына тегін дәрі қарастырылған. Ибуфен, парацетамол және антибиотиктер балаларға тегін беріледі.

Хабар 24 телеарнасы