418,72 492,14 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жаңа тұрғын үй бағасы бір жыл ішінде қаншалықты қымбаттады

  • 254
  • UPD: 12:24, 09.07.2020
Жаңа тұрғын үй бағасы бір жыл ішінде қаншалықты қымбаттады

Қазақстанда маусым айында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жаңа тұрғын үйлердің орташа бағасы 5,9% өсті, деп жазды krisha.kz.

Бағаның өсуі елдің он өңірінде тіркелді. Әсіресе, Көкшетау (+12,8%), Орал (+12%), Қостанай (+11,2%) және Ақтөбе (+11,1%) қалаларында жаңа тұрғын үйлердің қымбаттауы байқалды. Нұр-Сұлтан мен Алматыда баға 8,6 және 6,1% өсті.

Алты өңірде баға 2019 жылғы маусымдағы деңгейде өзгеріссіз қалды. Сонымен бірге Өскеменде 4,5% төмендеу байқалды.

Ай сайынғы өзгерістерге келетін болсақ, маусым айында мамырмен салыстырғанда Қазақстандағы орташа баға 0,2% артып, 1 шаршы км үшін 298,4 мың теңгені құрады. Бағаның өсуі Шымкент (+3,7%) және Оралда (+2%) тіркелді. Басқа аймақтарда ешқандай өзгеріс жоқ.

Маусым айының қорытындысы бойынша тұрғын үйдің ең қымбат шаршы метрі Нұр-Сұлтан қаласына (373,3 мың теңге), Алматыға (357,2 мың теңге), Атырауға (326,1 мың теңге) тиесілі. Ал Петропавл, Тараз және Қызылордада (140 мың теңгеден) арзан.

Жалға беру нарығында пайыздық мөлшерлемелер бір жылда 8,7% өсті. Тұрғын үйді жалдаудың орташа құны 1 ш.м. үшін 1577 теңгені құрайды.

Хабар 24 телеарнасы